1

Yandex Qazaqstan қазақ ғашықтар күнінде құттықтауға көмектеседі

14 апреля, 2025

Yandex Qazaqstan сервистері қазақстандық қолданушыларға Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні — Ғашықтар күнін атап өтуге көмектеседі. Яндекс Іздеу жүйесінде жақын жандарға ашық хаттар жасауға болады, ал Яндекс Go қосымшасындағы орындар қызметі кездесуге ең қолайлы орындарды ұсынады.

15 сәуір — Ғашықтар күніне орай Yandex Qazaqstan Яндекс Іздеу жүйесінің басты бетіне жүрек бейнесіндегі суретті орналастырады. Бұл суретті басқанда немесе сілтеме арқылы өткенде ашық хат жасауға арналған бет ашылады. Қолданушы ашық хаттың дизайнын таңдай алады, соның ішінде негізгі суретті — мысалы, бір жүрек немесе бірнешеуін. Сондай-ақ, жазуды таңдауға болады — мысалы, «Мерекеңмен, Жан!», «Жақсы Көрем!» немесе «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім».

Ғашықтар күніне орай Яндекс Go қосымшасындағы орындар қызметі Алматы мен Астанадағы кездесуге арналған атмосфералық орындардың топтамасын дайындады — ол сервис ішінде қазірдің өзінде қолжетімді. Бұл топтамада романтикалық кездесулерге арналған 30 орын ұсынылған — арт-кеңістіктер мен шығармашылық шеберханалардан бастап, саябақтар, шолу алаңдары, кино бөлмелері, кофеханалар мен мейрамханаларға дейін.

Yandex Qazaqstan туралы
Yandex Qazaqstan — машиналық оқыту мен нейрожелілер негізінде өнімдер мен сервистер жасайтын технологиялық компания. Компания пайдаланушылардың өмірін жақсартуға және Қазақстандағы цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізумен айналысады. Елде іздеу, қалалық, бұлтты және ойын-сауық сервистері жұмыс істейді, сондай-ақ компания білім беру және әлеуметтік жобаларды дамытып жатыр.