Қазақстанда қолжетімді Яндекс Qazaqstan ақылды колонкаларының қатары екі жаңа құрылғымен толықты. Станция Стрит — Алисамен жабдықталған алғашқы портативті колонка. Станция Мини 3 Про — ақылды үйді толыққанды басқаруға арналған ең қолжетімді шешім. Сатылым осы жылдың жазында басталады.
Станция Стрит
Алисасы бар Стрит станциясын өзіңізбен бірге кез келген жерге — пикникке, саяхатқа немесе жаттығуға алып баруға болады. Құрылғы мобильді Wi-Fi нүктесіне қосылғанда 12 сағатқа дейін жұмыс істейді. Музыканы дауыспен басқару интернетсіз де жұмыс істейді. Ал егер колонканы смартфонға модем режимінде қоссақ, Алисаның барлық таныс функциялары қолжетімді болады.
Интернетсіз де Станция Стрит арқылы музыка тыңдау үшін колонканы смартфонға Bluetooth арқылы қосу жеткілікті. Тректерді басқару бұрынғыдай оңай — колонкаға «келесі», «дауысын көтер» немесе «тоқтат» деп айту жеткілікті, Алиса бұйрықты орындайды.

Станция Стриттің дыбысы ашық кеңістікте де, үй ішінде де кең әрі сапалы естілуі үшін арнайы реттелген. Қуаты 30 Вт — бұл екі динамик пен екі пассивті излучательдің (ішкі дыбыс қысымын терең басқа айналдыратын арнайы элементтер) арқасында жүзеге асады.
Станция Стрит қара және жасыл түстерде қолжетімді болады. Құрылғы IP67 стандарты бойынша шаң мен ылғалдан қорғалған.

Станция Мини 3 Про
Алисасы бар жаңа Станция Мини 3 Про — ақылды үйді басқаруға арналған толыққанды хаб бола алатын құрылғы. Ол Zigbee, Wi-Fi және Matter over Wi-Fi сияқты танымал протоколдарды қолдайды. Ішіне орнатылған Zigbee модулі колонканың интернетсіз де ақылды құрылғыларды басқаруына мүмкіндік береді. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек Yandex Qazaqstan-ның жоғарғы деңгейлі модельдерінде ғана болған. Енді пайдаланушылар ақылды үй құрылғыларын орыс және қазақ тілдерінде басқара алады.

Шағын көлеміне қарамастан, Станция Мини 3 Про кез келген бөлмеде терең бас дыбыспен сапалы дыбыс ұсынады. Бұл үшін колонка 18 Вт қуаттылықтағы динамикпен жабдықталған.

Жаңа колонканың басты ерекшеліктерінің бірі — оған сыртқы аккумулятор немесе климат модулін қосу мүмкіндігі. Олар арнайы бекіткіштің көмегімен корпуска жалғанады. Аккумулятормен колонка 7 сағатқа дейін үздіксіз музыка ойнай алады. Ал климат модулі бөлмедегі ауа сапасын бақылауға көмектеседі. Ол температура, ылғалдылық және CO₂ деңгейін өлшейтін датчиктермен жабдықталған.
Yandex Qazaqstan — машиналық оқыту мен нейрожелілерге негізделген өнімдер мен сервистерді жасайтын технологиялық компания. Компания пайдаланушылардың өмірін жақсарту мен Қазақстандағы цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізумен айналысады. Бүгінде елде іздеу, қалалық, бұлтты және ойын-сауық сервистері жұмыс істейді. Сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобаларды да дамытып келеді.