Көлікті жаңа маусымға дайындау – қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етудің маңызды қадамдарының бірі. Қысқа көптеген жүргізушілер көліктерін мұқият дайындайтын болса, ал көктемде бұл процеске онша мән берілмейді. Алайда OLX аналитикалық қызметінің деректеріне сүйенсек, қызметтерге деген сұраныстың қалай өзгеретінін және аяздан кейін нені міндетті түрде тексеру керектігін байқауға болады.
Қыс мезгілінде жолдарға жиі реагенттер мен тұз себіледі, олар көліктің сыртына және қозғалтқыш бөліміне жиналады. Көктемде бұл заттарды мұқият жуып, көліктің ішін химиялық тазартудан өткізу маңызды. Аналитикалық қызметтің деректеріне сәйкес, қыста автожуу және химиялық тазалау қызметтері бойынша хабарландырулар саны ақпан айының соңына қарағанда 6–8%-ға жоғары болды. Алайда сұраныс салыстырмалы түрде тұрақты сақталды, өйткені ұқыпты жүргізушілер жыл бойы көлігінің жай-күйіне қамқорлық жасайды.
Қыста тежегіштер жиі пайдаланылады, салон жылытылады, ал қозғалтқыш ауыр жағдайда жұмыс істейді. Көктем келгенде, тежегіш қалыптарының, дискілердің және тежегіш жүйесінің басқа да элементтерінің тозуын тексеру керек. Қысқа дайындық кезінде ТҚС және компьютерлік диагностика бойынша хабарландырулар саны көктемге дайындық кезіндегіден 5–7%-ға жоғары болды. Ал сұраныс деңгейі 4%-дан 9%-ға дейін төмендеді, бұл адамдардың қыста көлік тексеруге көбірек көңіл бөлетінін, ал көктемде бұл мәселелерді «соңғы сәтке» қалдыратынын көрсетеді.
Күзде қысқы дөңгелекке ауысу сұранысты күрт арттырады. Ал көктемде дөңгелек ауыстыру қызметтеріне сұраныс дәстүрлі түрде төмендейді – қараша айымен салыстырғанда, ақпан айының соңында хабарландырулар саны шамамен 24%-ға, ал сұраныс 18%-ға азайды. Дегенмен, бұл көктемгі дөңгелек ауыстыруды елемеуге болады дегенді білдірмейді. Жазғы дөңгелектердің жағдайын тексеріңіз: егер протектор тозған болса, жаңа шиналарға ақша жұмсаған дұрыс, себебі қауіпсіздіктен маңызды ештеңе жоқ.
Автокөлік электр жүйесі температураның ауытқуы, жоғары ылғалдылық және жол реагенттері әсерінен зақымдануы мүмкін. Жаңа аналитикалық деректерге сәйкес, автокөлік электроникасын жөндеу бойынша хабарландырулар қарашамен салыстырғанда ақпанда небәрі 5–6%-ға азайған, ал сұраныс шамамен 4%-ға төмендеген. Бұл көктемде де бұл қызметтің сұранысқа ие екенін көрсетеді: көптеген жүргізушілер қыс аяқталғаннан кейін диагностика мен электронды жүйелерді баптауға жүгінеді.
Көктем келгенде қозғалтқыш бірнеше ай бойы суықта жұмыс істегенін ескерген жөн. Қозғалтқышты іске қосу төмен температурада қиын болуы мүмкін, ал сүзгілер тезірек ластануы ықтимал. Егер сіз қыста дайындалып, майды ауыстырған болсаңыз, көктемде тағы бір тексеру қажет болуы мүмкін. Қарашамен салыстырғанда ақпанда май мен сүзгілерді ауыстыру қызметтері бойынша ұсыныстар шамамен 4–6%-ға төмендеген, себебі жүргізушілердің көбі шығыс материалдарын қыстың алдында ауыстырады. Дегенмен, көлігіңіз көп жүрген болса немесе қатты аязда жиі пайдаланылған болса, қазір шығыс материалдарын тексеріп, ауыстыру қажет.
Көлікті көктемге дайындау – жай ғана формальдылық емес, бұл жолдағы қауіпсіздік пен көліктің ұзақ қызмет етуінің кепілі. OLX аналитикалық қызметінің деректері бойынша, автосервис саласындағы сұраныс пен ұсыныс қарашамен салыстырғанда ақпанда 5–24%-ға төмендейді, бұл қызмет түріне байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен, көктемгі тексеру тізімі өзектілігін жоғалтпайды:
- Тазалау және химиялық жуу жұмыстарын жүргізіңіз, қысқы реагенттердің қалдықтарын алып тастаңыз.
- Тежегіш жүйесі мен жүріс бөлігін, әсіресе мұзды жолдарда көп жүрсеңіз тексеріңіз.
- Егер олардың мерзімі келген болса немесе олар өз ресурсын тауысқан болса, май мен сүзгілерді ауыстырыңыз,.
- Дөңгелектердің жай-күйін бағалаңыз: тозған резеңке – апаттардың негізгі себебі.
- Электрониканы диагностикалауды ұмытпаңыз, өйткені қыстағы жүктемелер кейбір жүйелердің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етуі мүмкін.
Осы ұсыныстарды орындау болашақта үлкен шығындардан сақтайды, ал дұрыс таңдалған қызмет көрсету немесе өз бетінше жасалған жұмыстар шығындарды оңтайландыруға көмектеседі.