1

Нейро желісі бар Яндекс Іздеу нақтылаушы сұрақтарға жауап беруді үйренді

26 февраля, 2025

Қазақстандықтар енді Нейро желісі бар Яндекс Іздеуге сұрақтарды диалог режимінде қоя алады. Нейрожелілер негізінде жұмыс істейтін сервис әңгімелесу контексін түсініп, нақтылаушы сұрақтарға жауап бере бастады.

Мысалы, бірінші Дүниежүзілік көрме қандай қалада өткенін сұрап, кейін бұл көрме құрылғанынан бастап неше рет өткізілгенін, көрмеде ұсынылған ең қызықты өнімдер туралы сауал қоюға болады. Пайдаланушы Наурызда демалысты қалай өткізуге болатын нұсқаларын іздеп жатқан кезде жолшыбай бүкіл отбасына жарайтын идеяларды да нақтылай алады. Диалог процесінде пайдаланушылар беске дейін нақтылаушы сұрақ қоя алады. Әдетте сұрақтардың осы көлемі толымды жауап алуға жеткілікті.

Нейро жауаптарын сұратым жолағы астынан тура іздеу нәтижесінен көруге болады. Жауаптар интернтетте жақсы жауабы жоқ сұратым бойынша шығады. Осындай жағдайда Нейро түрлі көзден табылған ақпаратты талдап, нейрожелі көмегімен толымды жауап дайындайды. Сонымен қатар нейрожелінің жауабын алу үшін Нейро жолағына өтуге болады.

Yandex Qazaqstan – машиналық оқу және нейрожелі негізінде өнімдер мен сервистерді шығаратын технологиялық өндіріс. Компания Қазақстанда цифрлық ортаны дамытуға, пайдаланушылардың өмірін жақсартуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізумен айналысады. Қазір елде іздеу қызметі, қалалық, бұлтты және ойын-сауық сервистері жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар әзірлеушілер білім беру және әлеуметтік жобларды дамытумен айналысады.