1

Яндекс Қазақстан YandexGPT нейрожелісін қазақ тілін түсінуді үйретті

29 марта, 2024

Яндекс Қазақстан 2024 жылы, қазақ тілінде жазып және мәтіндерді өңдеп, сұхбат барысын есте сақтап, қолданушының нақтылаушы сұрақтарына жауап бере алатын, YandexGPT тілдік моделін іске қосады. YandexGPT қазақ тілін түсініп және сөйлеуге арнайы үйретілген, бірінші жария генеративті нейрожелі болады.

Нейрожелі қолданушыларға Яндекс қолданбасындағы виртуалды көмекші, және де Яндекс Браузердегі Іздеу арқылы қол жетімді болады. Қолданушылар нейрожелімен тірі адаммен әңгімелескендей болады. Мысалы, ол кеңес бере алады, балаға қиын тақырыпты қарапайым сөздермен түсіндіреді, жарнамаға идея тауып немесе әлеуметтік желіге пост жаза алады.

Сондай-ақ Yandex Cloud бұлтты платформасында бизнеске арналған YandexGPT коммерциялық нұсқасын іске қосу жоспарлануда. Ол қазақстандық компаниялар мен әзірлеушілерге генеративті нейрожелі негізінде өнімдер мен сервисті дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, YandexGPT көмегімен қолданушылар пікірлерін талдап, үлгілер бойынша жіберілімдерге арналған мәтіндер құрап және қолдау қызметіне арналған чат-боттарды іске қоса алады.

YandexGPT базалық моделі негізінде жасалды. Оны қосымша үйрету үшін, бірінші кезеңде әртүрлі тақырыптар мен сұхбаттар мәнмәтіндерін қамтитын, қазақ тіліндегі жүз мыңдаған сұраныстар мен жауаптар дайындалды. Бұл модельге тіл мен мәдени кодты түсінуге қажетті негізбен қамтамасыз етеді.

Нейрожеліні үйретуге Яндекс Қазақстан AI-жаттықтырушылар қатысады. Олар нейрожелі жауаптарын бағалайды — дәлдігі, толықтығы, нақты дұрыстығы, грамматикасы мен стилі — және қазақ тілінде эталонды сұраныстар мен жауаптар жазады. Содан кейін оны нейрожеліге үйретеді, осылайша оның жауаптарының дәлдігін арттырады.