1

Яндекс Қазақстан қолданушыларын Наурыздың келуімен құттықтады

20 марта, 2024

Еліміздің тұрғындары Іздеу парақшасының басты бетінен ерекше құттықтау көре алады, мереке белгілері бар таксимен жүріп, сондай-ақ арнайы мерекелік таңдалған музыка тыңдай алады

Көктемнің келгенін білдіретін, Наурыз мейрамының құрметіне yandex.kz-те — Яндекс іздеудің басты бетінде – ою пайда болды. Оған шерткен кезде толықэкранды акварельді сюжет ашылады.

Бір қарағаннан сурет бұл ежелгі мейрамның ұлттық колоритіне сүңгітеді. Көктемгі күн мен түннің теңелетін күні қашанда Қазақстан тұрғындары үшін жаңару, жасампаздық және бүкілхалықтық қуаныштың белгісі болған. Ұрпақтан ұрпаққа көктемнің келуі мол дастарханда туыстар мен достардың бас қосуымен, көпшілікпен той тойлаумен, ұлттық би билеп, ән салумен, спорттық жарыстарға жалғасады.

Одан бөлек, Яндекс Қазақстан Яндекс Музыкада мерекелік «Наурыз Толқынын» ұсынды, ол жерден сервис қолданушылары Роза Рымбаева, Батыр, «МузАрт», Ulytau, M’Dee ft. Dana Tunes және тағы басқалар тәрізді қазақстандық орындаушыларды тыңдай алады.

Яндекс Go сервисінде мерекеге орай «Қонаққа» тарифын қоста, оның атауы жақындарыңызға қонаққа барып, мерекелік дастарханда бас қосу тәрізді көп ғасырлық дәстүрмен байланысты. Алматы көшелерінде ұлттық киім элементтері мен мереке белгілері бар Наурызға арнайы брендтелген машиналар жүреді.

Қаланың тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін Яндекс Карталарда мерекелік іс-шаралардың өтуіне байланысты уақытша жолдардың жабылуы, соынмен қатар өзекті айналып өту жолдары көрсетілетін болады

2024 жылы Қазақстанда Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледіі, ал 21-25 аралығы демалыс күндері деп жарияланды. Мейрам уақытында елде көптеген іс-шаралар жоспарланған, тек қана Алматының өзінде 500-ден артық. Астана, Алматы, Шымкент, Маңғыстау, Өскемен, Орал, Атырау және Қостанай қалаларында өтетін іс-шаралардың өзекті кестесі тақырыптық сурет астындағы арнайы батырманы шерткенде ашылады.