1

Шедеврумда енді YandexART көмегімен суреттерді өзгертуге болады

08 февраля, 2024

Шедеврум қолданушылары өз кескіндер мен суреттерін YandexART нейрожүйесі көмегімен өзгерте алады. Ол үшін қолданбада «фильтрумдар» — шығармашылық пен көңіл көтеруге көбірек мүмкіндіктер ашатын, сегіз креативті режим пайда болды. Суреттерді пүліш немесе тоқылған ойыншықтар, мультфильм кадрлары, пиксельді графика, қылқаламмен салынған сурет тәрізді мәнерлеуге, сондай-ақ оларға қысқы атмосфера, неонды жарқырау және әсерлі бояулар қосуға болады.

Қолданбадағы фильтрумдер YandexART негізінде жұмыс істейді. Нейрожүйе қолданушы таңдаған мәнерде суретті толығымен қайта салады.

Мәнерлеу үшін бір фильтрумды таңдап, мобильді құрылғы галереясынан суретті жүктеу керек. Нейрожүйе өзгерткен суреттерді Шедеврум желісіне салуға болады. Одан бөлек, оларды достарыңызға жіберу, чаттарда бөлісу, мемдер, стикерпактар жасау, әлеуметтік желілерде автар ретінде қолдану және тағы басқалар үшін жүктеп алуға болады.

Жақында Шедеврумде басқа да креативті режимдер, сонымен қатар мәтінді сұраныстар көмегімен суреттерді өңдеу үшін өз режимдеріңізді жасау мүмкіндігі пайда болады. Олармен қолданбада, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бөлісуге болады.