Алматы қаласының күніне орай, 2025 жылдың 21 қыркүйегінде, Бірінші Президент саябағы үлкен мерекелік алаңға айналады. Alma Fest фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарын жарқын әсерлерге толы күнді музыка және дәстүрмен бірге өткізуге шақырады.
Фестивальдің хедлайнерлары аңызға айналған әншілер мен заманауи әртістер болады: «Дос-Мұқасан», Карина Абдуллина, TURAR, Astra және Royals Band. Концерттік бағдарлама алтын классика мен жаңа әуенді біріктіріп, мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлайды.
Alma Fest 2025 бағдарламасы:
Дәстүрлі жәрмеңке: 100 тоннадан астам алма, оның ішінде аңызға айналған апорт пен сирек сорттар жинағы.
Балалар аймағы: батуттар, ойындар, шығармашылық шеберлік сабақтары мен шатырлы цирктің шоуы.
Крафт-жәрмеңке: табиғи өнімдер мен қолдан жасалған дәмді тағамдар.
Қаланың үздік шығармашылық ұжымдарынан театр қойылымдары мен этно шеберлік сабақтары.
Эко-аймақ: заманауи бастамалар мен саналы өмір салтының тәжірибелері.
Виртуалды шындық аймағы және бүкіл отбасыға арналған спорттық белсенділіктер.
Alma Fest – бұл мәдени дәстүрлер мен заманауи қаланың ырғағын біріктіріп, шабыт, шығармашылық және отбасылық демалыс үшін орта құратын ерекше оқиға.
Күні: 21 қыркүйек 2025 жыл
Өтетін орны: Бірінші Президент саябағы, Алматы
Уақыты: 10:00 – 21:00