1

РАХАТ FEST 2025: келгендер толығымен рахаттанды!

03 июня, 2025

31 мамыр күні «Первомайские пруды»  аумағында, TORTUGA демалыс базасында көптен күткен RAХАТ FEST 2025 фестивалі өтті. Биыл бұл шара үшінші рет ұйымдастырылды және өз  тарихындағы ең ауқымдысы болды — фестивальге 12 000  астам қонақ жиналды!

Фестиваль жаздың нағыз лебін сездіре алды — жанды музыка, тіл үйіретіндей  жаңа бір дәмдер, бүкіл отбасыға түрлі  бағыттарда белсенділік танытуға болатын шаралар  мен ерекше атмосфера. Қонақтар концерт тамашалап, жайлы демалыс орындарында тынығып, шеберлік сабақтарына, квестілер  мен байқауларға қатысып, ондаған фуд-нүктелердің  тағамдарынан дәм татты, кейбірі   жәй ғана достары және жақындарымен бұл  керемет күн бірге өткізді.

Фестивальдің басты музыкалық бөлігі тректері баяғыдан -ақ  жаздың  саундтректеріне  айналған танымал орындаушылардың қойылымдары болды:

Willy William (Франция) — хиттері мен  керемет энергетикасын атап өтпеу мүмкін емес;

«Градусы» тобы — бүкіл ел білетін әндері орындалды;

Звонкий, Tanir & Tyomcha, Adam, HIRO, Крайм Волшебник, Colorit және Asik — әрқайсысы бұл күнге өзінің  музыкалық магиясын алып келгендей.

Күні бойы алаңда келесідей  аймақтар жұмыс істеді:

Фудкорт —тағам мен сусын ұсынған ондаған  орындар;

Фотоаумақтар мен арт-нысандар;

Чилл-аймақтар — жұмсақ орындықтар, көрпелер және пикникке арналған орындар ;

Аниматорлары бар бар балалар аумағы;

Шеберлік  кластары мен квестілер;

Ұтыс ойындары мен конкурстар;

VIP-аймақ — сахнаның панорамалық көрінісі мен жайлы атмосфера .

Фестивальдің ерекше сәттерінің бірі — көл үстінде күннің  батып бара жатқан  көрінісі болды. Сол сәтте көкке әуе шары көтеріліп, күннің аяқталуына бір   таңғажайып әсер қосты. Ал  бұл керемет шараның соңғы нүктесін қойған,   қонақтардың қошаметі мен таңданысын тудырған ғажайып отшашу болды.

Фестиваль ұйымдастырушысы Полина Ахметова:

«Біз бұл фестивальді  бар ықыласпен дайындадық — әр детальдарға  мән бердік, әр қонаққа қамқорлық  танытуға тырыстық , локацияларды түрлендіріп, мықты лайнап ұсындық. RAHAT FEST нағыз отбасылық, жылы әрі есте қаларлық шараға айналды. Біздің жанымызда болған әр адамға алғыс айтамыз — сіздердің  бұл күннің ерекше өтуіне қосқан үлестеріңіз зор!»

RAХАТ FEST 2025 жай ғана мереке болып қалған жоқ, ол , адамдарды, эмоцияны, музыканы және демалысты біріктіре алған  нағыз оқиға болды. Келесі жылы кездескенше!