13 наурызда көпшілік асыға күткен «Малай» комедиясы прокатқа шықты. Алғашқы аптада-ақ фильм көрермендер, киносыншылар мен продюсерлер арасында шынайы қызығушылық туғызып, касса бойынша алғашқы орынға шықты.
Танымал актриса және продюсер Дариға Бадықованың айтуынша, әлемге танылған «Холоп» фильмінің ресми адаптациясының ұтымды тұсы — фильмде көтерілген тақырып: «Фильмнің идеясы керемет, шынымды айтсам. Махаббат әлемді де, адамды да құтқарады деген идея ұнады. Адамдардың арасындағы қарым-қатынас және олар адамға қалай әсер ететіні жақсы ашылған. Фильм таза қазақ тілінде, жақсы бейімделген, ауыл-аймақтар үшін өте маңызды». Қазақстандық нұсқасының режиссері Ернар Нұрғалиев. Ол «Келінжан», «Хотя бы в кино 2» және «Жездуха» сияқты отандық фильмдерді түсірген. Нұрғалиев «бұл бүкіл отбасы тамашалайтын тартымды әрі көңілді оқиға» деп атап өтті.
Басты рөлде блогер — тәуекел немесе сәттілікке сену ме?

Фильмде басты рөлді танымал блогер Жеңіс Омаров (Zheka Fatbelly, 3 миллионнан астам жазылушы) сомдады. Ол үшін «Малай» үлкен кинодағы дебют және көрермендердің реакциясына қарағанда, сәтті шыққан. Сондай-ақ, Жеңіс қазақстандық танымал продюсерлерден, актерлерден, сценаристерден және режиссерлерден жоғары баға алды. «Мені, әсіресе, Жеканың атқа мініп қайта оралатын көрінісі қатты таң қалдырды — бұл жай ғана «уау!». Ол кадрда өте табиғи көрінеді, оған тіпті әрекет етудің қажеті жоқ. Оған бұл рөл тамаша жараса қалды: сыртқы түрі де, жүрісі де, сөйлеуі де. Басты рөлге актер тамаша таңдалды», — деді актер әрі продюсер Марат Оралғазин.
Фильмде сонымен қатар Аида Құрманғалиева, Дулыға Ақмолда, Лаура Мырзахмет, Ермек Шынболатов, Сабина Мовлаева, Жандарбек Садырбаев, Хамит Ердехан және т.б. актерлер ойнады.
Алматыда «Малай» тұсаукесері кеңінен атап өтілді. Шараға 800-ден астам қонақ: жұлдыздар, блогерлер және журналистер қатысып, фильм бір уақытта алты залда көрсетілді.
Комедияны «Unico» «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе отырып түсірген. 2025 жылдың ең қызық комедиясын көру мүмкіндігінен қапы қалмаңыз! «Малай» 13 наурыздан бастап кинотеатрларда. Барлық өзекті жаңалықтар @malay_film парақшасында.