1

Көктемді Алисамен қарсы аламыз: Yandex Qazaqstan-ның ақылды колонкаларындағы виртуалды ассистент Наурызға дайындалуға көмектеседі

19 марта, 2025

21-25 наурыз аралығында Қазақстанда көктемнің келуін білдіретін, береке-бірліктің, достық пен сүйіспеншіліктің символына айналған Наурыз мейрамы тойланады. Мерекені жарқын өткізу үшін Yandex Qazaqstan-ның ақылды колонкаларындағы Алиса виртуалды көмекшісі дайындалуға жәрдемдеседі. Ол мерекелік дастарханға арналған наурыз-көженің рецептін ұсынады, ұлттық музыка топтамасын қосады және Наурызбен қалай құттықтауға болатынын айтады.

Дәстүрлі стильдегі мереке

Наурызды дәстүрлі түрде атап өткізгісі келетіндерге Алиса пайдалы кеңестер береді. Виртуалды көмекшіге қазақ немесе орыс тілінде сұрақ қойып, сол тілде жауап алуға болады. Мысалы: «Алиса, Наурызда қандай жоралғылар жасалады?» немесе «Алиса, как отмечают Наурыз в Казахстане?».

Мерекелік дастархан мәзірі

Алиса мерекелік дастархан мәзірін жасауға және дәстүрлі тағамдардың рецепттерімен бөлісуге көмектеседі. Мысалы, «Алиса, Наурызда дастарханға не қояды?» немесе «Алиса, какие сладости готовят на Наурыз?» деп сұрауға болады.

Көңіл-күйге арналған музыка

Наурыз мерекесінің ерекше атмосферасын сезіну үшін ұлттық музыка тыңдауға болады. Ол үшін Алисадан «Мою волну Наурыз» қосуын сұрау жеткілікті – бұл қазақ музыканттарының орындауындағы Наурызға арналған композициялар топтамасы.

Ерекше құттықтаулар

Алиса жақындарыңызды ерекше құттықтауға да көмектеседі. Одан «Алиса, Наурызға құттықтау ойлап тапшы» немесе «Алиса, придумай поздравление с Наурызом» деп сұрасаңыз, виртуалды көмекші бірден жауап береді.

Мерекелік дәстүрлер

Егер Наурыз туралы көбірек білгіңіз келсе немесе балаңызға мерекенің мән-мағынасын түсіндіргіңіз келсе, Алиса Қазақстанның мәдени дәстүрлері жайлы айтып береді. Ол үшін «Алиса, Наурыз нені білдіреді?» немесе «Алиса, что означает Наурыз?» деп сұрауға болады. Ал «Алиса, Наурыз туралы аңыз айтып берші» деп сұрасаңыз, көмекші мерекенің шығу тарихы мен мәдени ерекшеліктерін баяндап береді.

Алиса – кез келген жағдайда көмекші

Алиса виртуалды көмекшісі мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірде де пайдалы. Оған музыка қосуды, таймер орнатуды, ауа райын айтуды немесе балаға ұйықтар алдында ертегі оқып беруді сұрауға болады. Алиса Yandex Qazaqstan-ның ақылды құрылғыларында, қосымшаларында және сервистерінде қолжетімді.

Пайдаланушылар Алисамен қазақ және орыс тілдерінде сөйлесе алады. Бұл функцияны қосымшалар мен сервистерден бөлек, Станция Миди, Макс с Zigbee, Станция 2, Мини с часами, Мини, Лайт және Макс құрылғыларында да қосуға болады. Ол үшін «Дом с Алисой» қосымшасына кіріп, өзіңіздің колонкаңызды таңдап, баптаулардан «Язык ассистента» бөліміне өтіп, «Қазақша + Русский» тілін таңдасаңыз жеткілікті.

Yandex Qazaqstan туралы

Yandex Qazaqstan – жасанды интеллект пен машиналық оқыту негізінде өнімдер мен сервистер жасайтын технологиялық компания. Компания инновациялық технологияларды дамытып, пайдаланушылардың өмірін жеңілдетуге және Қазақстандағы цифрлық ортаны дамытуға бағытталған. Бүгінде елде іздеу, қалалық, бұлтты және ойын-сауық сервистері жұмыс істеп тұр, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда.