1

Концерттер, фильмдер және жасыл көйлек: қазақстандықтар Дженнифер Лопес жайлы не іздеді

06 августа, 2025

Тамыз айында Қазақстанда Дженнифер Лопестің екі концерті өтеді. Әнші алғаш рет елге келіп отыр. Бірінші концерт өтті, екіншісі 10 тамызда болады. Yandex Qazaqstan аналитиктері 2024–2025 жылдардағы іздеу сұрауларын зерттеп, қазақстандықтардың Лопеске деген қызығушылығы қалай өзгергенін және олар әнші туралы нені білгісі келгенін анықтады.

Іздеу сұрауларына қарағанда, биылғы көктемге дейін Дженнифер Лопеске деген қызығушылық шамамен бір деңгейде сақталған — күрт өзгерістер болмаған. Ал сәуір айында қызығушылық күрт артты: бұл кезде Астанадағы концертке билеттердің сатылымы басталған еді. Наурызбен салыстырғанда, әншінің аты аталған сұраулар саны 8,5 есеге өсті.

Дженнифер Лопеске деген қызығушылық динамикасы
Пайдаланушылар әншіні қаншалықты жиі іздеген

Яндекстің Қазақстандағы іздеу деректері бойынша, 2024–2025 жыл

Қазақстандықтар ең жиі қойған сұрақтар — алдағы концертке қатысты болды: мысалы, концерт қашан өтеді, қайда болады және билетті қалай сатып алуға болады. Танымал сұраулардың ішінде: [астанада джей ло концертіне билет сатып алу], [дженнифер лопестің астанадағы концерті қашан], [концерт j lo астана қайда өтеді] секілділері бар.

Тағы бір жиі қойылған сұрақ түрі — Дженнифер Лопестің фильмдері туралы. Әсіресе, қолданушылар «Атлас», «Ана» және «Табынушы» фильмдерін іздеген. Мысалы, былай деп сипаттаған: [дженнифер лопес 2024 фильм қызы мен бірге ғашығынан қашатын фильм қайда көруге болады]. Сонымен қатар, әндері де жиі ізделді: «Jenny from the block», «In the morning», «Quizás, quizás, quizás».

Сұраулар арасында Дженнифер Лопестің бұрынғы күйеуі Бен Аффлек те аталған. Бұдан бөлек, Версаче сән үйінің жасыл көйлегі де қызығушылық тудырған: мысалы, [дженнифер лопес жасыл көйлек қай жылы], [дженнифер лопестің 2000 жылғы грэмми жасыл көйлегі].