1

Неге ата-аналар балаларын ақылы мектепке беруге ұмтылады?

01 марта, 2024

Автор: Анэль Азимбаева

Ұлттық статистика бюросына сүйенетін болсақ, ақылы мектептердің саны жылдан жылға өсіп бара жатыр. Бүгінгі күні Қазақстанда 701 жекеменшік ақылы мектеп бар. Қалалық ата-аналар балаларын ақылы мектептерде оқытуға асығыс.  Соңғы ақшасын баласының оқуына бөліп жатқан ата-аналар неге балаларын мемлекеттік мектепте оқытқысы келмейді? Мемлекеттік мектептердің білім беру деңгейі соншалықты нашар ма, әлде ақылы мектептердің оқушыға бере алатын мүмкіндіктері артық па?

Ақылы мектептердің артуы тақырыбы аясында, Мирас Закарьянов, Riviera International School мектебінің мұғалімімен сұхбаттастым.

Неге ақылы мектепте жұмыс істеген мемлекеттік мектепке қарағанда қолайлы?

Біріншіден, мұнда балалардың оқуы мен дамуы үшін жақсы жағдайлар жасалған. Нақтылап айтқанда мектептерде көбінесе ынталандырушы білім беру ортасын құруға мүмкіндік беретін ресурстар көп болады. Ішінде қарапайым сыныптар мен оқу бөлмелерінің эргономикасынан бастап, қосымша электив сабақтарға арналған құрал жабдықтарға дейін толығымен қамтылған.

Ақылы мектептердің артықшылықтары неде?

Ақылы мектептердің артықшылықтарына тереңдетілген шетелдік стандарттағы білім беру бағдарламасы, жоғары білікті оқытушылар. Күнделікті оқу бағдарламасынан бөлек, мектептер көбіне оқушыларды спорт, өнер жəне STEM бағыттарын үйретуге ерекше көңіл бөледі.

Ақылы мектепте  мұғалімдердің жалақысы мемлекеттік мектепке қарағанда неліктен көбірек?

Ақылы мектептердегі мұғалімдердің жалақысы көбінесе қаржыландыру мен білікті қызметкерлер үшін бəсекелестікке байланысты жоғары болады. Сонымен қатар, ақылы мектептердегі оқытушылар əдетте өз саласында жоғары білім мен мамандыққа ие. Мəселен, өз əріптестірімнің ішінде, талайы бірнеше тілді жетік меңгерген, шетелдік жоғары білім алған, көкірегі ояу мұғалімдер аз емес.

Ақылы мектептің білім бағдарламасы несімен ерекешеленеді?

Мектептерде IB жүйесі бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады, мемлекеттік мектептерден басты ерекшелігі жүйеде. IB немесе халықаралық бакалавриат студенттерді пəндерді терең түсінетін жан-жақты білімді тұлға ретінде дамытуды мақсат етеді. Бағдарламаның негізгі принциптеріне білім беруді интернационалдандыру, сыни ойлауды дамыту жəне оқытуға белсенді қатысу жатады. Сонымен қатар, IB бағдарлама əртүрлі қосымша пəндерді оқуды ынталандырады. Мысалы, STEM, өнер, спорт жəне қыш немесе спорттық Есу сияқты студенттердің басқа да қызығушылықтары бойынша қосымша сабақ таңдауға мүмкіндік береді.

Ақылы мектепте оқитын балалар басқалардан несімен ерекше?

Мұғалім ретінде мен ақылы мектепте оқитын балалардың бірнеше маңызды аспектілері бар екенін байқаймын. Біріншіден, олар сыныптағы оқушы саны 15 адаммен шектелетіндіктен əр оқушыға жеткілікті мөлшерде көңіл бөлінеді. Бұл кішігірім сыныптарға жəне оқытушыларға сабақта əр оқушының қажеттіліктеріне қарай беретін ресурстардың қол жетімділігіне байланысты. Осыдан ағып шығатын келесі аспект, балалар көбінесе өз ойларын білдіруде өздерін еркін сезеді. Бұл олардың шығармашылық ойлауы мен өзін-өзі көрсетуін ынталандыратын білім беру ортасынан туындауы мүмкін. Жалпы, ақылы мектеп оқушылары көбінесе өзін-өзі ұстау мен оқуға деген ынтаның жоғары деңгейін көрсетеді, бұл олардың жеке тұлға мен оқушы ретінде табысты дамуына ықпал етеді.

Ақылы мектептің артықшылықтары:

Білім берудің жоғары сапасы: ақылы мектептер, əдетте, білім беру бағдарламаларында сапалы оқыту мен əртүрлілікті қамтамасыз ететін ресурстардың жоғары деңгейіне ие.

Оқытуға жеке көзқарас: кішігірім сыныптар мен қаржыландырудың жоғары деңгейі мұғалімдерге əр оқушыға көбірек көңіл бөлуге, оқу бағдарламаларын олардың қажеттіліктеріне бейімдеуге жəне олардың жеке дағдылары мен қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік береді.

Жетілдірілген білім беру бағдарламалары: көптеген ақылы мектептер оқушыларды халықаралық білім беру стандарттарына дайындайтын жəне олардың жеке жəне интеллектуалды дамуына ықпал ететін Халықаралық бакалавриат (IB) сияқты жетілдірілген білім беру бағдарламаларын ұсынады.

Кəсіби оқытушылар: ақылы мектептер əдетте жоғары білікті оқытушыларға қол жеткізе алады, көбінесе өз саласында кең тəжірибесі мен мамандығы бар. Бұл оқушылардың жақсы оқуы мен дамуына ықпал етеді, өйткені олар тəжірибелі мамандардан білім алады.

Ақылы мектептің кемшіліктері:

Жоғары оқу ақысы: Көптеген отбасылар үшін қолжетімсіз баға. Бұл сапалы білімге қол жетімділіктің теңсіздігін тудырады.

Шектеулі əлеуметтік орта: оқу ақысы жоғары болғандықтан, ақылы мектептер белгілі бір əлеуметтік жəне экономикалық топтардың оқушыларын жиі тартады, бұл шектеулі əлеуметтік орта құрып, оқушылар үшін əртүрлі тəжірибені қиындатады.

Ақылы мектептерде ұстаздардың біліктілігі салыстырмалы түрде жоғары, неге шетелден білім алып келген мұғалімдер көбіне ақылы мектептерде білім бергісі келеді?

 Ақылы мектептерде мұғалімдерге қойылатын талап жоғары. Барлық мұғалімдер магистр, тіпті докторант дəрежесіне ие жəне оқытудың озық əдістерін қолдануға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарға ие. Сонымен қатар, ақылы мектептердегі мұғалімдердің əртүрлі білім беру мекемелері мен мəдениеттерінде бай тəжірибесі бар. Бұл  олардың педагогикалық тəжірибесін байытады жəне оқытуға жан-жақты көзқарасқа ықпал етеді. Ақырында, жеке мақсаттар мен мотивация да маңызды рөл атқарады: ақылы мектептердегі көптеген оқытушылар оқытудың озық əдістерін қолдану жəне білім беру ортасын дамытуға белсенді қатысу арқылы кəсіби жəне жеке тұлға ретінде  ұмтылады. Нəтижесінде, осы факторлар бірігіп, мықты ұстазға сəйкесінше жалақы деңгейін көрсетеді.

Ақылы мектептер ауылда тұратын, оқитын балаларға байланысты дискриминация туғызбайды ма? Бұл сұраққа ақылы мектепте білім алатын оқушылар өз көзқарастарын білдірді. Олардың айтуынша, барлық ақылы мектептерде жыл сайын басқа оқушыларға грант бөлінеді. Әр мектеп әртүрлі сайыс өткізеді. Көбінесе, Республикалық олимпиада жүлдегерлері, қай пәннен болмасын, ақылы мектепте оқуға мүмкіндік алады.

Ақылы мектептерде оқушы үшін барлық жағдай жасалған. Оқушылар мектепте таңнан кешке дейін оқиды, түске дейін сабағында болса, түстен кейін қалаған үйірмелерге қатыса алады. Office hour деген түсінік бар. Сабақ аяқталғасын, оқушы тақырыпты дұрыс түсінбесе немесе сұрақтары болса, күнделікті сабақтан кейін мұғалімге келіп, жеке сабақ алса болады.

Орта есеппен алғанда, ақылы мектепте оқу жылына 2.000.000 теңгені құрайды. Ал бұндай мектеп беретін мұмкіндіктер бұл бағаны ақтайды ма?