2022 ж. 16 маусымда inDriver — көлік және тұрмыстық қызметтердің халықаралық IT-платформасы — енді қазақ тілінде қолжетімді. Пайдаланушылар екі мемлекеттік тілдің (қазақ немесе орыс) қайсысын пайдалану ыңғайлы екенін таңдай алады. Бұл inDriver-дің соңғы бірнеше жылдағы Қазақстандағы ең ірі жаңартуларының бірі. Жаңа енгізілім күн сайын жүздеген мың қазақстандықтар пайдаланатын сервисті одан да ыңғайлы әрі жеңіл етеді.

inDriver Қазақстан нарығына 2014 жылы шықты. Содан бері қосымша айтарлықтай өзгерді: қауіпсіздік функциялары енгізілді, жаңа қызметтер іске қосылды (платформа арқылы жөндеу шеберін, курьерді, жүк тиеушілерді, «Сұлулық» санатындағы маманды және т.б. шақыруға болады). Алайда, осы уақыт ішінде қызмет тек орыс тілінде жұмысын атқарды. Қазақ тіліндегі нұсқаның іске қосылуы платформаны пайдалану тәжірибесін осы тілде сөйлескенді жөн көретін пайдаланушылар үшін ыңғайлы етуге арналған.
Бүгінгі таңда inDriver әлемнің 42 елінде жұмыс істейді. Платформаны мемлекеттік тілдерге аудару өнімді ұлттық нарыққа бейімдеу бойынша стратегиялық мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл, әсіресе, бірден бірнеше тіл мемлекеттік тіл деп танылған Қазақстан сияқты елдер үшін өзекті мәселе.
InDriver үшін ең бастысы – адамдар және олардың жайлылығы мен қауіпсіздігі. Қызметтің негізгі жұмыс істеу принциптері – көз қарас, қамқорлық пен ықылас пайда тигізу. Сондықтан компанияда кері байланысқа көп көңіл бөлінеді. Сервисті қазақ тіліне локализациялау туралы шешім қолданушылардың осы өтінішпен жүгінуіне жауап ретінде қабылданды.
Арай Бекембаев, inDriver Қазақстандағы бизнесті дамыту жөніндегі менеджер: «Біз Қазақстанда 2014 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеміз. Бұл inDriver үшін ТМД-дағы және әлемдегі ең үлкен нарық болып табылады. Біздің қолдау қызметіміз басынан бастап қазақ тілінде сөйледі. Сондықтан платформа тілін қазақ тіліне аудару тек уақыт мәселесі болды. Бүгін мен көптен күткен оқиға болғанын хабарлауға қуаныштымын. Біз inDriver қарапайым және оңай пайдалану үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз».
inDriver — жаһандық IT-компаниясы. Бүгінгі таңда inDriver — әлемдегі 42 елдің 600-ден астам қалаларында қол жетімді саяхаттарға тапсырыс беру үшін ең жылдам дамып келе жатқан онлайн-сервис. Ол 120 миллионнан астам рет жүктелген. InDriver қызметіндегі жолаушылар тасымалынан басқа, курьерлік қызметтерді, жүк және қалааралық қызметтерді таба ала аласыз.
inDriver Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қаласында орналасқан және Солтүстік және Оңтүстік Америка, Азия, Таяу Шығыс, Африка және ТМД елдерінде өңірлік хабтарды басқарады. Компанияда 1900-ден астам адам жұмыс істейді.
2021 жылдың басында inDriver компанияны $1.23 млрд бағалаған insight Partners, General Catalyst және Bond Capital қорларынан $150 млн. инвестициялық раунд қорытындысы бойынша «жалғыз мүйіз»-компания мәртебесіне ие болды.
Толығырақ ақпарат www.inDriver.com сайтында бар.